Текст
11.04.2023
11 сәуірде кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес, кәсіптік бағдар берушілер О.Фазилова мен Е. Рахметова Есіл ауданы Знаменка ауылының НББМ және Заречная ОМ оқушыларымен кездесу өткізді.
10.04.2023
«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру шеңберінде студенттерді оқуға тарту үшін «Біз кітаптарды бірге оқимыз» тақырыбында библио-кросс өткізілді. Библио-кросстың негізгі мақсаты - кітап оқуды насихаттау, оқылған кітаптан қорытынды жасауға үйрету, шығарманы жақсы есте сақтауға және түсінуге көмектесу, сонымен қатар әдебиеттің жаңалықтарына ғана емес, ұзақ уақыт бойы жақсы көретін немесе ұмытылған кітаптарға деген қызығушылықты ояту. Кітаптар - заттар мен құбылыстарды білуге апаратын жол. Кітап тек білім көзі ғана емес, сонымен бірге өмірдегі дос, кеңесші.
10.04.2023
"Есеп және аудит" мамандығы бойынша оқу тобының 1 курс студенті Цымбалюк Рубина Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды университеті ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық онлайн-олимпиадада орыс тілі бойынша бірінші орынды иеленді. Оқытушы Байдильдина А. К.
06.04.2023
6 сәуірде кәсіптік бағдар берушілер С. Н. Зулгарина және А. Ғ. Қойшыбаева Жаныспай ОМ, Ковыльный ОМ, Московский ОМ кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
06.04.2023
"Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Кітап достар іздейді" буккроссингі өтіп, Дейл Карнегидің "Шешендік өнер" кітабы талқыланды. Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы, - демешкі кітап оқу арқылы рухани жан - дүниемізді дамытамыз.
05.04.2023
5 сәуірде нашақорлықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында есірткі заттарының таралуына жол бермеу мақсатында барлық оқу топтарында "Нашақорлық-ұлттың өмір сүру қаупі" атты сынып сағаттары өткізілді.
05.04.2023
5 сәуірде кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес, кәсіптік бағдар берушілер С.Марусанич пен О. Фазилова Есіл ауданының Свободный ОМ оқушыларымен кездесу өткізді.
03.04.2023
Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы «Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекеменің 2022 жылғы қызметі туралы есепті жария талқылауды жүргізу қорытындысы
Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы
«Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекеменің 2022 жылғы қызметі туралы
есепті жария талқылауды жүргізу қорытындысы
...
31.03.2023
31 наурызда кәсіптік кеңесшілер Рахметова Е.С. және Трантова Ю.С. Ақсай ОМ және Бұзулук ОМ оқушыларымен кездесу өткізілді.
31.03.2023
31 наурыз күні колледжде Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Есіл ауданы бойынша маманы Саржевская Ярославна Анатольевна мен бітірушілер тобының студенттері арасында «Бастау бизнес» бағдарламасына қатысу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кездесу өтті.