2018 жылғы 10 қыркүйекте коллледж кітапханасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол-Честный жол» марафон іс-шарасы жоспарының аясында «Өзіңді жемқорлықтан қалай қорғайсың?» атты тақырыпта диспут болып өтті.
Диспутқа «Нұр Отан» аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ерденова Анель Сапаргалиқызы, партия кеңесшісі Айгайбекова Алтынай Байзулақызы және 1 курс студенттері қатысты.
Диспут барысында мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен қалай күресіп жатқаны, өзіңді қалай жемқорлықтан қорғау жолдары, «жемқорлық» сөзінің түсінігі, оның пайда болу жолдары талқыланды.
«Пара неге әкеліп соқтырады», «Жемқорлық біздің ортақ қиындығымыз», «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді. Диспут соңында студенттер «Өзіңді жемқорлықтан қалай қорғайсың?» тақырыбында ҚР заңдарын бұзбауды және өзіңді төзімсіздікке қарсы тәрбиелеу жөнінде өз ойларын ортаға салды