20 маусымда «Ауыл» партиясының бастамасымен Есіл қаласындағы АТК-де Ақмола облысының студенттік және жастар еңбек бригадаларының жазғы маусымының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шара әлеуметтік серіктестер, ұстаздар мен өз еңбегімен туған өлкенің дамуына үлес қосуға дайын белсенді жастардың басын қосты. Жиында Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрайымы Анар Сайлаубекқызы Аяпбергенова құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара аясында еңбек маусымының ресми басталуына орай еліміздің барлық аймақтарын байланыстыратын жалпыұлттық телекөпір, сондай-ақ жастар еңбек қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаларды марапаттау рәсімі өтті.
Еңбек бригадаларының барлық мүшелеріне табысты маусым, жаңа кәсіби жетістіктер, қызықты тәжірибе және өнімді еңбек тілейміз!