Текст
Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының атын өзгерту туралы - Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласының «Нұр-Султан» қаласына атауын өзгерту.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Президент
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Ақорда, 2019 жылғы 23 наурыз
№ 6