Текст
02.05.2024
24-26 сәуір аралығында колледж студенттері мен педагогтары "Бұл жер сенікі және менікі"облыстық Табиғат білгірлері турниріне қатысты. Турнир қорытындысы бойынша біздің команда келесі нәтижелерге ие: "визит карточкасы" және "экологиялық ертегі" номинацияларында бірінші орын және "экологиялық туризм" және "жасыл білім беру ұйымы"жобаларын қорғауда екі екінші орын иеленді. Турнирге қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды дайындағаны үшін педагогтарға "Ақмола облысының білім басқармасы"ММ алғыс хаттары табысталды.
25.04.2024
"Наубайхана шеберлігі" құзыреті бойынша қатысушы өндірістік оқыту шебері Рахматуллина Наиля Набиахметовна, арнайы пәндердің сарапшы - оқытушысы Нурмагамбетов Бауржан Мукатаевич
25.04.2024
24 сәуірде колледждің жұмыс жоспарына сәйкес 41-ЕА екінші курс тобында "Есеп және аудит" мамандығы бойынша өндірістік оқытудың ашық сабағы өтті. Өндірістік оқыту шебері О.М. Фазилованың жетекшілігімен студенттер кассада қолма-қол ақшаны есепке алу бойынша кәсіби дағдыларын пысықтады.
23.04.2024
23 сәуірде "Әлем" еріктілер жасағының жауынгерлері "Игі істер автобусы" жобасын іске асыру аясында педагогикалық еңбек ардагері Л.Л.Цымбалдың пәтерін тәртіпке келтірді, үй аумағын тазалады.
18.04.2024
18 сәуірде "Ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша оқитын бірінші курс тобында химия пәнінен ашық сабақ өтті. Балалар бір атомды спирттердің құрылымымен, қасиеттерімен танысты. Оқытушы Кононенко Светлана Михайловна.
17.04.2024
17 сәуірде педагог-психолог "Буллингке қарсы тұру және достық қарым-қатынасқа деген көзқарас" бейнероликтерін көрсетті.
17.04.2024
16 сәуірде колледжде инженерлік-педагогикалық қызметкерлер арасында «Золотая Ладья»ашық шахмат турнирі өтті.
16.04.2024
«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Мен оқыған ең қызықты кітап...» атты Бук – слэм өткізілді
16.04.2024
16 сәуірде Инженерлік-педагогикалық қызметкерлер мен студенттер "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсенді қатысты. Колледж аумағын тәртіпке келтірді: былтырдан қалған жапырақтарды, қураған ағаштарды жинады, қоқыстардан тазалады
16.04.2024
10-12 сәуір аралығында "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығының 3 курс студенті Ларионова Татьяна "Наубайхана шеберлігі" құзыреттілігі бойынша WorldSkills өңірлік чемпионатына қатысты