Текст
20 қарашада кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында сондай-ақ маңызды мерейтойларға орай: БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясының қабылданғанына 35 жыл толуына, Қазақстан Республикасының ратификацияланғанына 30 жыл толуына және Дүниежүзілік бала күні жарияланғанына 70 жыл толуына орай колледжде Есіл ауданының № 1 ЖББМ-нің оқушыларына арналған шеберлік сыныбы өтті. Оқушылар колледж студенттерімен бірлесіп "Менің құқықтарым" атты кітапшалар жасады және "Балалық шақтың супер қаһармандары"ойынына қатысты.