31 қаңтарда Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» МКҚК-да жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шараларды іске асыру жоспарына сәйкес еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды кәсіби бағдарлауға және танымал етуге бағытталған жұмысшы мамандықтар жылының ашылуы және «Кәсіптер қаласындағы шытырман оқиға» квест-ойыны өтті. Оған жалпы білім беретін мектептердің 9 сынып оқушылары мен Есіл қаласының балабақшаларының аға топтарының тәрбиеленушілері қатысты. Сондай-ақ іс-шараға Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы В. Н.Галныкин, Есіл ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Д.Г.Хангишиева,Есіл ауданының ЖРО жетекшісі Н. Нұртай қатысты.