02.02.2026
2 ақпанда Есіл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен "Әлем"еріктілер отряды арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалды. Меморандумға төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан бөлім бастығының міндетін атқарушы К.В.Ритчер, волонтерлік жасақ тарапынан — колледж директоры М. Ш. Мұхатаев қол қойды.
Келісім төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ студенттерді волонтерлік және әлеуметтік маңызы бар қызметке тартуға бағытталған. Өзара іс-қимыл шеңберінде бірлескен іс-шаралар, оқыту кездесулері, акциялар және практикалық сабақтар өткізу жоспарлануда. Меморандумға қол қою колледж студенттері арасында серіктестік байланыстарды нығайту мен еріктілер қозғалысын дамытудағы маңызды қадам болды.