2019 жылы 20 қарашада №7 агротехникалық колледжде нашақорлықтың алдын алу, есірткі заттарының заңсыз айналымы, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс-әңгіме өткізілді. Аталған іс-шараны оқу орны Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Кездесу барысында педагогтар мен студенттер алдында Есіл ауданы бойынша есірткі айналымы және есірткі бизнесі бойынша жедел уәкіл Н. С. Мукомело сөз сөйледі.
Мамандар студенттерге құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы, құқыққа қарсы іс-әрекеттердің себептері мен салдары туралы айтып, жастар жасаған құқық бұзушылықтың мысалдарын келтіріп, жазадан бас тарту принципін атап өтті. Сонымен қатар студенттер есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар статистикасымен танысты.
Кездесу соңында студенттер қонақтарға сұрақтар қойып, өздерін қызықтыратын барлық тақырыптар бойынша толық жауап алды.