29.11.2019ж. «№7 АТК» КММ-де «Рухани Жаңғыру» кабинетінде «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты Жалпы республикалық ашық сабақ өткізілді.
Іс – шараның мақсаты -ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі жайында патриотизмді дамытуға, оның Қазақстан Республикасының дамуындағы рөлінің маңыздылығына, біздің елімізде болып жатқан заманауи өзгерістерге жастардың назарын аударуға, мақсаткерлік және жоғары адамгершілік тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.
Іс-шараға "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты А.С.Ерденова, Есіл аудандық мәслихатының хатшысы С.К.Ағымбаева қатысты. Кездесу барысында қонақтар студенттердің сұрақтарына өте мазмұнды және толық жауап берді.