Текст
13.12.2019 жылы №7 агротехникалық колледжінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты-білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтық пен толеранттылықты, бейбітшілік пен ұлттық келісімді қалыптастыру. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай, колледж имиджін қалыптастырудағы кәсібилігі мен жетістіктері үшін 3 қызметкер мен 27 студент марапатталды.