13 ақпан күні №7 агротехникалық колледжде Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 31 жылдығына арналған "олар жас болып қалды"атты салтанатты іс-шара өтті.
Мақсаты: студенттерде азаматтық пен патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке, басқа халықтарға бауырластық қарым-қатынасқа, борыш, жауапкершілік сезіміне, аға ұрпаққа құрмет көрсетуге тәрбиелеу, жастарды интернационалист-жауынгерлердің ақындық және ән мұрасымен рухани байыту.
Іс-шараның құрметті қонақтары: интернационалист-жауынгерлер және басқа да жергілікті соғыстар ардагерлер кеңесінің төрағасы С. А. Тоноян; интернационалист - жауынгерлер-А. А. Ковалев, К. Б. Баймағамбетов, И. С. Долженко; Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы подполковник М. Ж. Рахимбеков; әскери дайындық жөніндегі инспектор аға лейтенант А. Ш. Сеитов болды.
Құрметті қонақтар колледж студенттеріне тіркеу куәліктерін табыс етті.