Текст
15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толады. Осы күн қарсаңында №7 агротехникалық колледжінің оқу залында Ауғанстанда жауынгерлік борышын атқара отырып, жоғары рух, қайсарлық, ерлік көрсеткендерге құрмет көрсете отырып, студенттерге "и не вспомнить о это не праве"атты слайд-презентация көрсетілді. Оқушылар Кеңес әскерлерін Ауғанстанға енгізу себептері, Кеңес қолбасшылығы мен Ауғанстанның үкіметтік әскерлерінің бірлескен әскери іс-қимылдары, жауынгерлердің ерлігі мен батылдығы, соғыс кезіндегі қиын жағдайлар және кеңес жауынгерлерінің жергілікті тұрғындарға көрсететін көмегі туралы білді.