Текст
Кәсіби шеберлік аптасы- әдістемелік бірлестік жұмысының бір түрі, ол оқытушылардың оқу сапасын арттыруға, кәсіби дайындыққа және студенттердің шығармашылық-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған мақсатты, ұжымдық, жеке, тәжірибелік қызметін көрсетеді .
"Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша кәсіби апта шығармашылық, ынтымақтастық атмосферасында өтеді, оқытушылар жұмысының жоғары нәтижелілігін көрсетеді, педагогтардың кәсіби шеберлігі мен тәжірибесін беру құралы болып табылады.