Текст
2020 жылдың 12 ақпанында"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында №7 агротехникалық колледжінің акт залында "Бәрі махаббаттан басталады" атты концерттік бағдарлама өткізілді.
Іс- шараның мақсаты- анаға, балаға, Отанға, туған өлкеге, жақын адамға деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсету.
Концерттің қатысушылары прозаның, өлеңдердің және әндердің әртүрлілігімен тұлғаның жан- жақты дамуы контекстінде рухани-адамгершілік құндылықтарды түсінуді көрсетті.